Жаналыктар
Араб үйлестіру тобы Қазақстанда $7 млрд-қа жобалар қаржыландыруды қарастыруда
      <description>Астанада Араб үйлестіру тобының (АҮТ) отырысы өтті</description>
Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады
«SK Water Solutions» ЖШС Қазақстанның су инфрақұрылымын жаңғырту үшін Ислам даму банкінің қаржыландыруын тартуды қамтамасыз етті
«SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Ислам даму банкі Қазақстандағы «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасының іске асырылу барысымен танысты
      <description>2026 жылғы 1 қазанда Ислам даму банкінің миссиясы «SK Water Solutions» ЖШС және «Қазсушар» РМК өкілдерімен кездесті.</description>