АСТАНА – Су шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында «SK Water Solutions» ЖШС «Қазсушар» РМК үшін Ислам даму банкінің (ИДБ) қарызын тартуды сүйемелдейді. Мақұлданған қаржыландырудың жалпы көлемі 1,15 млрд АҚШ долларын құрайды.
Жобаның бірінші траншы сәтті тартылды, оның көлемі 416 млн АҚШ долларын (400 млн еуроға балама) құрайды. Бұл қаражат елдің жеті өңіріндегі негізгі су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталады.
Жоба жаңа су қоймаларын салуды және қолданыстағыларын жаңғыртуды, сондай-ақ суару каналдарын реконструкциялауды қамтиды. Бұл су ресурстарын басқару тиімділігін айтарлықтай арттыруға және аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«SK Water Solutions» ЖШС жоба үйлестірушісі ретінде «Қазсушар» РМК-мен және мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, оны іске асыруды ұйымдастырушылық, қаржылық және техникалық тұрғыдан сүйемелдейді.
Келесі траншты дайындау жұмыстары жалғасуда.